30.09.2009, 09:51 2671

Алматыда "Тойотаның" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда "Тойотаның" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Тойотаның" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қыркүйекте сағат 22.41-де Жетісу ауданында Райымбек даңғылы мен Емцов көшелерінің қиылысында "Тойота" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті, 20 жастағы қыз жарақат салдарынан дәрігерлер келгенше қайтыс болды.

Сондай-ақ, ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтауда жол апатының салдарынан бес адам ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғышлақ станциясында кеше сағат 16.00-де "Ниссан" және ВАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны