21.05.2013, 09:27 3649

Алматыда Toyota жүргізушісі жол үстінде ұйықтап кетіп, автобусқа соғылған

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда Солтүстік айналым мен Бөкейханов көшелерінің қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі жол үстінде ұйықтап кетіп, тоқтап тұрған Faw автобусына соқтығысқан. Соның салдарынан үш адам зардап шекті.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда Toyota жүргізушісі жол үстінде ұйықтап кетіп, автобусқа соғылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда Солтүстік айналым мен Бөкейханов көшелерінің қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі жол үстінде ұйықтап кетіп, тоқтап тұрған Faw автобусына соқтығысқан. Соның салдарынан үш адам зардап шекті.

Toyota автокөлігінің Солтүстік айналым көшесімен келе жатып, Бөкейханов көшесіне жетпей, жол жиегінде тоқтап тұрған Faw автобсына соқтығысқан. Қатты соққыдан Toyota автокөлігі аударылып, автобус бірнеше метрге алға жылжыған.

ЖКО салдарынан үш адам, Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері екі жолаушыны ауруханаға жатқызды. Жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты.

Анықталғандай, Toyota жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмаған. Ол осыдан бір жыл бұрын мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Сондай-ақ, көліктің бірқатар құжаттары жоқ болып шықты.

Жеңіл көлікте болған жүргізушінің айтуынша, ол көлікті басқарып келе жатып, ұйықтап кетеді. Оянғанда, автобусты көреді, бірақ рөлді бұрып үлгермейді. Ол осы көлікті алу үшін көрші республикаға барғандықтан, тәуліктен астам уақыт бойы ұйықтамағанын айтқан.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтау үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны