20.01.2010, 11:24 1937

Алматыда тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір жас шамасындағы бала мерт болды

Алматыда тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір жас шамасындағы бала мерт болды

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір жас шамасындағы бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алатау ауданындағы Есенболатов көшесінде бүгін төрт пәтерлі тұрғын үйде сағат 01.46-да 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір жасар қыз баланың мәйіті табылды. үйден 10 адам эвакуацияланды.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 8 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 37 адамының күшімен 03 сағат 24 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны