05.10.2010, 14:11 3129

Алматыда тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі бала көмірқышқыл газымен уланды

Алматыда тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан үш адам көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 5 - қазан. Kazakhstan Today - Алматыда тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан үш адам көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше, 4-қазан күні сағат 14.59 Алмалы ауданы Жамбыл көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің балкондары жанды. Өрт 2-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін көтерілген. Жалын жалпы аумағы 40 шаршы метрді шарпыған.

Алматы қаласында құтқарушылар жанып жатқан үйден 8 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, тағы 40 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Көмір қышқыл газбен уланған 17 жастағы азамат, 8 жасар бала мен жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайды жоюға Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы құрамының 52 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны