26.02.2010, 14:38 3249

Алматыда тұрғын үйдің ауласында тұрған джип өртенді

Алматыда тұрғын үйдің ауласында тұрған джип өртенді

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда тұрғын үйдің ауласындағы балалар алаңында тұрған "Мерседес-Бенц G-500" джипі өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "23 ақпанда сағат 23.03-те Алмалы ауданында Клочков көшесіндегі №23 үйдің ауласында белгісіз біреу 35 жастағы кәсіпкерге тиесілі "Мерседес-Бенц G-500" автокөлігін зақымдады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "көлік толық жанып кетті". Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Өрт ошағы мен оның шығу себептері белгісіз", - деп нақтылайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, полиция болған оқиғаның бұдан басқа да себептерін тексеріп жатыр. Қасақана өртеу оқиғасы ма, жоқ па дегенді сараптамалардың қорытындысы көрсетеді.

Кейбір БАҚ-тардың хабарлауынша, "автокөліктің балалар алаңында тұраққа қойылуы жергілікті бір тұрғынның қарсылығын тудырған болуы да ықтимал".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны