31.07.2007, 10:58 6129

Алматыда Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған қаланың бір ЖШС-нің үш қауіпсіздік қызметкері ұсталды

АЛМАТЫ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Алматыда Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған қаланың бір ЖШС-нің үш қауіпсіздік қызметкері ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қару қолдана отырып тонау туралы ақпарат жедел басқару орталығына түн ортасында келіп түскен. "Боран-081" патрульдық экипажы шабуыл жасаушылардың бірі күртешесінің қалтасынан карабин алып шығып, онымен қорқыта отырып жәбірленушіні ақша салынған әмиянын беруге мәжбүр еткен кезінде келіп жеткен",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, істің мән-жайын анықтай келе шабуыл жасаушылар қаланың бір ЖШС қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері екендігі белгілі болды, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны