10.04.2013, 14:03 3379

Алматыда үй үшін әкесін өлтірген Ресей азаматы қолға түсті

"15-наурызда тергеу және іздестіру амалдары нәтижесінде із-түссіз жоғалған еркектің ауласында 5 метр тереңдіктегі шұңқырдан адам сүйектері табылды. Сараптама нәтижесінде белгілі болғандай, үй иесі бас сүйектің сынуы салдарынан жан тапсырған", - делінген хабарламада.

Алматы. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 64 жастағы әкесін өлтіріп, үйдің ауласына көміп тастаған 29 жастағы Ресей азаматы құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметінің сәрсенбідегі хабарламасына қарағанда, қарт кісінің жоғалып кеткені туралы ақпар полицияға ақпан айында марқұмның көршілерінен келіп түскен.

"15-наурызда тергеу және іздестіру амалдары нәтижесінде із-түссіз жоғалған еркектің ауласында 5 метр тереңдіктегі шұңқырдан адам сүйектері табылды. Сараптама нәтижесінде белгілі болғандай, үй иесі бас сүйектің сынуы салдарынан жан тапсырған", - делінген хабарламада.

Полицейлер аталған қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен оның Алматыда уақытша тұратын ұлын да тергеді.

"Тергеу барысында күдікті әкесін арам пиғылмен өлтіргенін мойнына алды. Икесінің жалғыз мұрагері ретінде үйді иеленіп, жол құрылысына байланысты бұзылатын үйдің өтемақысын қалтаға баспақ болыпты", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны