29.12.2006, 10:26 3066

Алматыда үш адам көмірқышқыл газынан уланды

АЛМАТЫ. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыда үш адам көмірқышқыл газынан уланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28-желтоқсанда 16 сағат 28 минутта Меркулов көшесіндегі жай үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан үш адам, соның ішінде 9 жасар қыз көмірқышқыл газынан уланды. Зардап шеккендер жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөлімшесіне жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны