19.05.2009, 10:03 955

Алматыда үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен жаяу жүргінші қаза тапты

Алматыда үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен жаяу жүргінші қаза тапты

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алмалы ауданында Гагарин және Жамбыл көшелерінің қиылысында 18 мамырда сағат 10.07-де екі "Тойота" және "Ниссан" көліктері соқтығысты.

Соның салдарынан 34 жастағы "Тойота" жүргізуші мен 19 жастағы жаяу жүргінші оқыс оқиға орнында қаза тапты, ал екінші "Тойотаның" 21 жастағы жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны