19.12.2008, 18:44 2869

Алматыда үш қызды өлтірді деген күдікпен 18 жастағы студент құрықталды

Алматыда үш қызды өлтірді деген күдікпен 18 жастағы студент құрықталды

Алматы. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен ІІД-нің криминалдық полициясының қызметкерлері үш қызды өлтірді деген күдікпен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 18 жастағы студентін құрықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматының Иуезов АІІБ ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Үш жәбірленушінің, 21 жастағы Қырғыз Республикасының, 22 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасы мен белгісіз қыздың мәйіті 7 желтоқсанда олар жалға алған пәтерде табылған. Қыздар жезөкшелікпен айналысқан. Олар пышақ жарақаттарынан қаза тапқан.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, күдікті - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Ол қыздардың қызметін тұтынып алып, ақшасын төлеуден бас тартуға байланысты туындаған жаңжалдың салдарынан оларды өлтіргенін мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны