04.11.2011, 09:42 4421

Алматыда ұсталған алаяқтар тобының жалпы сомасы 1 млн АҚШ долларын құрайтын төрт ірі қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды

"Заңсыз сатылған пәтерлердің шын иелеріне келтірілген шығынның жалпы сомасы $685 мың және Т40,6 млн құраған. Қылмысты тергеуге кіріскен тергеушілер бір тәуліктің ішінде ұсталғандардың осындай әдіспен жасалған тағы 3 алаяқтыққа қатысы барын дәлелдей алды", - деп хабарлайды полиция.

Алматы. 4-қараша. Kazakhstan Today - Алматыда ұсталған алаяқтар тобының жалпы сомасы 1 млн АҚШ долларын құрайтын төрт ірі қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі жұма күні қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "заңсыз сатылған пәтерлердің шын иелеріне келтірілген шығынның жалпы сомасы $685 мың және Т40,6 млн құраған. Қылмысты тергеуге кіріскен тергеушілер бір тәуліктің ішінде ұсталғандардың осындай әдіспен жасалған тағы 3 алаяқтыққа қатысы барын дәлелдей алды", - деп хабарлайды полиция.

ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Сарымсақовтың айтуынша, алаяқтар алғаш рет биыл мамыр айында 3 бөлмелі пәтермен алаяқтық жасаған.

"Фигуранттар мәміле жасау орындарын жиі өзгертіп, аса сақтық танытқан. Үнемі жалған құжаттармен әрекет еткен, өздері туралы нақты мәліметтерді жарияламаған. Олардан зардап шеккен азаматтардың саны әлі де көп болуы мүмкін. Оперативті қызметкерлер олардың әрекеттерінен зардап шеккен басқа адамдарды анықтаумен айналысып жатыр", - деді ІДД өкілі.

Мұның алдында хабарланғандай, өткен бейсенбі күні Алматының Медеу ауданында қымбат тұратын жылжымайтын мүлікті сатумен алаяқтық жасаған бір топ адам ұсталған.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар өздері жасаған жалған нотариалдық кеңседе элиталық тұрғын үй кешеніндегі біреудің $300-350 тұратын пәтерін $245 мыңға сатып жатқан жерінен ұсталған.

Ұсталғандардың арасында өзін пәтердің қожайыны етіп таныстырған, бұрын экономикалық қылмыс үшін сотталған 45 жасар ер адам, пәтерді жалға алған 44 жасар ер адам, осыдан 8 эыл бұрын юриспруденция саласында жұмыс істеген 40 жасар жалған нотариус, оның "ассистенті" мен "хатшысы" болған, дейді полиция өкілдері.

"Олардан жалған құжаттар жасау үшін қолданылған түрлі-түсті принтер, сканер, басқа ұйымдастыру техникасы тәркіленді. Қазіргі уақытта фигуранттардың осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, оларға қатысты ҚР ҚК 177 бабының 3 бөлімінде қарастырылған қылмыстың (ұйымдасқан топтың ірі көлемде жасаған алаяқтығы) белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалады", - деп хабарлайды полициядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны