30.05.2011, 11:24 2835

Алматыда вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 250 адам қауіпсіз жерге көшірілді

"2011 жылдың 29-мамыры күні сағат 14.35 Алматы қаласының Жетісу ауданы, Абылай хан даңғылындағы "Алматы-2" темір жол вокзалы. "102" пультіне вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде анонимдік хабарлама келіп түсті. ТЖ көзін жою шарасына шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде: арнайы құрамнан 9 адам және ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД 3 техника тартылған.

Алматы. 30 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 250 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпараттан кейін "Алматы-2" вокзалынан 250 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

"2011 жылдың 29-мамыры күні сағат 14.35 Алматы қаласының Жетісу ауданы, Абылай хан даңғылындағы "Алматы-2" темір жол вокзалы. "102" пультіне вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде анонимдік хабарлама келіп түсті. ТЖ көзін жою шарасына шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде: арнайы құрамнан 9 адам және ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД 3 техника тартылған.

Арнайы өткізілген шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ. 250 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны