02.02.2016, 23:32 4881

Алматыда зергерлік бұйымдар дүкенінде шыққан өрттен 52 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Өртті сөніруге Алматы қаласы ТЖД "ӨҚ және АҚҚ" ММ-ныӊ жеке құрамыныӊ 30 адамы, 5 негізгі және 2 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда зергерлік бұйымдар сататын дүкендердіӊ бірінде өрт шықты, деп хабарлайды қаланыӊ ТЖ департаменті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"02.02.2016 жылы 20 сағат 19 минутта Алмалы ауданы, Жібек Жолы даӊғылы, 81 үй мекенжайында дүкен өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. 20 сағат 24 минутта оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімі жетіп, сол жерден "Mango" және "Gold Shop" дүкендерініӊ 9 қабат тұрғын үйге қосарлана салынған жылытқышыныӊ жабыны өртеніп жатқанын хабарлады. Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты қамтыған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. Өртті сөндіру кезінде тұрғын үйден 52 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оныӊ 12-сі - балалар. 21 сағат 09 минутта өрт толықтай сөндірілді", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Өртті сөніруге Алматы қаласы ТЖД "ӨҚ және АҚҚ" ММ-ныӊ жеке құрамыныӊ 30 адамы, 5 негізгі және 2 арнайы техникасы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны