29.12.2006, 09:22 3162

Алматыда жай үйдегі өрт салдарынан үш адам қаза тапты

АЛМАТЫ. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыда жай үйдегі өрт салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28-желтоқсанда 7 сағат 13 минутта Постышев көшесінде жай үйде 90 шаршы метр аумақта өрт шықты деген хабар келіп түскен. Өртті сөндірген кезде үш адамның, соның ішінде 5 жасар баланың мәйіті табылды.

Өрт сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны