21.09.2009, 14:27 1599

Алматыда жаяу жүргінші электр жалғастыру желісінің салақтап тұрған сымына жанасу салдарынан зардап шекті

Алматыда жаяу жүргінші электр жалғастыру желісінің салақтап тұрған сымына жанасу салдарынан зардап шекті

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда жаяу жүргінші электр жалғастыру желісінің салақтап тұрған сымына жанасу салдарынан зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 15.35-те электр жалғастыру желісінің астымен өтіп бара жатқан 40 жастағы ер адам тоққа соғылды деген ақпарат түсті. Ер адам 7-ші клиникалық ауруханаға жатқызылды. Департаменттің хабарлауынша, Алматының Медеу ауданындағы Қармысов көшесі 34-ші үйде "ағаш кесу жұмыстары кезінде 10 мың Вольттық электр жалғастыру желісі үзіліп, оның сымы ілініп тұрып қалған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны