08.11.2010, 14:40 3940

Алматыда Жамбыл облысындағы қылмыстық топтың белсенді мүшесі ұсталды

Алматыда Жамбыл облысындағықылмыстық топтың белсенді мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 8 - қараша. Kazakhstan Today - Алматыда Жамбыл облысындағықылмыстық топтың белсенді мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасының қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысындағы қылмыстық топтың белсенді мүшесін ұстаған.

Ол Тараз қаласының тұрғыны болып табылады.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған азамат үстіміздегі жылдың ақпан айынан бері "ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін" Жамбыл облысының ІІД криминалдық полиция басқармасының іздеуінде жүрген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны