30.11.2006, 14:51 6222

Алматыда Жамбыл облысының тұрғынынан 300 грамнан астам гашиш тәркіленді

АЛМАТЫ. 30 қараша. Kazakhstan Today. Полиция қызметкерлері Алматыда Жамбыл облысының тұрғынынан 300 грамнан астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

31 жастағы есірткі сатушы Медеу ауданында есірткі сатпақ болған жерінен ұсталды.

Жалпы өткен тәулікте қалада бес есірткі сатушы қолға түскен. "Ұсталғандардың төртеуі героин сату барысында құрықталды. Олардың әрқайсысынан тәркіленген есірткі салмағы бір граммнан астам ",-дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны