07.02.2011, 15:31 3209

Алматыда жанармай құйылған 4 цистерна жолдан шығып кетіп, 385 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматыда жанармай құйылған 4 цистерна жолдан шығып кетіп, 385 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда жанармай құйылған 4 цистерна жолдан шығып кетіп, 385 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, 6 ақпанда 19 сағат 23 минутта Алматының Түркісіб ауданында әуежайға алып баратын кіріс жолдан №119ТМ2УМ тепловозы орын ауыстырып жатқан кезде жанар-жағар май құйылған 4 цистерна жолдан шығып кетіп, оның екеуі аударылып қалып, оқиға салдарынан авиакеросин төгілген.

"Оқиға салдарынан авиакеросин төгілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖ ескерту мақсатында ең жақын 3 үйдің (бес қабаттық) 385 адамы қауіпсіз жерге көшірілді, оның 20-сы балалар", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны