10.06.2008, 10:21 1325

Алматыда жарылғыш зат қойылды деген ақпараты бар көлік табылды

Алматыда жарылғыш зат қойылды деген ақпараты бар көлік табылды

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда көлікке жарылғыш зат қойылды деген араб және орыс тілдеріндегі хабарлама табылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараты бойынша, 9 маусымда 09 сағат 25 минутта Алматының Медеу ауданында Фурманов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында тұрған "Киа Шума" көлігінде "жарылғыш зат қойылды " деген хабарлама табылды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, ҚР ІІМ "Арлан" бөлімшесінің саперлері жүргізген арнайы тексеру жұмыстары кезніде жарылғыш хат табылмады. Тергеуді одан әрі жалғастыру үшін көлік айып тұрағына жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны