13.01.2012, 14:49 5123

Алматыда жас қызды жезөкшелікке мәжүбірлеген қырғызстандық жеңгетай ұсталды

"Секс-бизнесте бұл жолы өзінің тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатымен жеңгетайлардың қатарын толықтыра отырып, қызмет аясын кеңейтпекші болған пысықай көзге түстi. Тоқмақ қаласының 28 жастағы тұрғыны жас қыздарды жезөкшелiкке күштеп тартқан", - делінген ведомства хабарламасында.

Алматы. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда жас қызды жезөкшелікке мәжүбірлеген қырғызстандық жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жеңгетайлық қызмет көрсететін Қырғызстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Секс-бизнесте бұл жолы өзінің тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатымен жеңгетайлардың қатарын толықтыра отырып, қызмет аясын кеңейтпекші болған пысықай көзге түстi. Тоқмақ қаласының 28 жастағы тұрғыны жас қыздарды жезөкшелiкке күштеп тартқан", - делінген ведомства хабарламасында.

Жеңгетай бір жыл бойы өзінің аңқаулығына байланысы жезөкшелер желісіне түсіп қалған Талғар қаласының 20 жастағы тұрғынын күштеп ұстаған. Қыз өзінің танысына сеніп, оның жөн сілтеуімен үйден шығып кетіпті.

Жеңгетай қызға өзінің қандай ниетте екенін айтпай, оған сәнді киімдер, ұялы телефон сатып әперіп, оның имиджін өзгертеді. Дегенмен кейіннен қыздан жезөкшелікпен айналысып, оның материалдық шығындарын өтеуді талап еткен.

"Жылға жуық уақыт қыз өзінің "жұмыс берушісінің" бұйрықтарын мінсіз орындайды. Ол қызметіне клиенттерден көк тиын да алмаған. Осы уақыт ішінде жеңгетай қыздың тұратын жерiн бірнеше рет ауыстырып үлгередi, ал таяуда ғана оны жалдамалы пәтерден Сейфуллин даңғылында орналасқан қонақ үйлердің біріне алмастырған", - дейді Алматы ІІД-ден.

Таяуда полиция шұғыл дереккөздерден заңсыз бас бостандығынан айыру туралы ақпарат алады. Күдіктіден тұратын жерін анықтай отырып, полицейлер қызды босатты. Жеңгетай сот алдында жауап береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны