19.12.2008, 14:14 1653

Алматыда жеке меншік фирманың үш күзетшісі атып өлтірілді

Алматыда жеке меншік фирманың үш күзетшісі атып өлтірілді

Алматы. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кеше таңертең ерте Алматының Иуезов ауданы "Астана" ықшамауданында Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысына таяу жерде "Күзет-К" ЖШС-нің 33 жастағы күзетшісінің, сондай-ақ, "Контакт-Управление" ЖШС-нің 34 және 25 жастағы күзетшілерінің мәйіттері кеңседе табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күзетшілер көптеген оқ жарақаттарынан қаза тапқан. Алдын-ала тергеу барысында тәртіп сақшылары қылмыс кезінде жұмыс орнында болмаған төртінші күзетшіден жауап алды. Оның көмегімен жедел тергеу тобы шабуылшылар іздерін жасырған болуы мүмкін автокөліктің маркасы мен өңін анықтады.

Тергеудің алдын-ала жорамалына сәйкес, күзетшілер алдын-ала жоспарданған қарулы қарақшылық шабуылдың салдарынан қаза тапқан. Қазір кісі өлтіру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың бетін ашу және іздеу жарияланған шабуылшыларды ұстау үшін Алматы қалалық ІІД-де ең тәжірибелі қызметкерлерден арнаулы жедел тергеу тобы құрылды. Сот-медициналық, трасологиялық, баллистикалық және химиялық-токсикологиялық бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қолды болған құндылықтардың көлемі туралы ақпарат әзірге жария етілген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны