17.01.2019, 23:36 105716

Алматыда жеке тікұшақ құлау салдарынан ұшқыш қаза тапты

Тікұшақ Алматыдағы "Алатау" шипажайы аумағына құлады

Алматы. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда жеке тікұшақ құлады. Тікұшақтыӊ құлауы салдарынан ұшқыш қаза тапты.

Бүгін Алматыдағы "Алатау" шипажайы аумағына жеке тікұшақ құлады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ баспасөз қызметі.

"17 қаӊтар күні сағат 16:05-те Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданындағы "Алатау" шипажайыныӊ ашық аумағына "Sky Service" әуе компаниясыныӊ Еврокоптер-130 маркалы жеке тікұшағы құлады, бірақ өртенген жоқ. Тікұшақ бортында болған 1968 жылы туған ұшқыш жедел жәрдем көлігінде қаза тапты", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, тікұшақ Боралдай - Үлкен Алматы көлі бағыты бойынша ұшып бара жатқан.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінде хабарлағандай, аталған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары басталды.

"Sky Service" әуе компаниясыныӊ Еврокоптер-130" маркалы (борт нөмірі UP-EC038) тікұшағы Боралдай әуежайынан ұшып, "Үлкен Алматы" алаӊына қону пунктіне дейін жетпей құлады. Тікұшақ бортында бір ұшқыш-әуе кемесініӊ командирі Валентин Викторович Шитов құтқарушылар келген кезде тірі болған. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқанда сәтте қайтыс болды. ҚР ИИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тексеру жұмыстарын бастады", - деп түсіндіреді Азаматтық авиация комитетіндегілер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны