03.05.2013, 13:51 4345

Алматыда жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

Автобус жүргізушісі тежеуішті басып үлгергенімен, бірден тоқтай алмай, шетелдік автокөлікпен соқтығысқан. Одан кейін жолаушылар көлігі серпінмен көше шамының бағанасына соғылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, тас жолдағы қозғалыс кезінде Toyota жеңіл автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық көліктің дәл алдынан бұрылып, жол-көлік оқиғасы орын алған. ЖКО кезінде автобуста 60 жолаушы болған.

Автобус жүргізушісі тежеуішті басып үлгергенімен, бірден тоқтай алмай, шетелдік автокөлікпен соқтығысқан. Одан кейін жолаушылар көлігі серпінмен көше шамының бағанасына соғылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны