11.12.2006, 11:52 2648

Алматыда жеңіл автокөліктің жүргізушісі әйел мен екі кішкентай баланы қағып кетті, бір жас шамасындағы нәресте қаза тапты

АЛМАТЫ. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыда жеңіл автокөліктің жүргізушісі әйел мен екі кішкентай баланы қағып кетті, бір жас шамасындағы қыз қаза тапты, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жол апаты жексенбі күні Ахметов және Майлин көшелерінің қиылысында болған. "Субару Легаси" жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай оны аударып алған. Аударылған көлік сырғанап барып жолдың жиегіне шығып кету салдарынан сол жерде тұрған 29 жастағы әйел мен екі баланы - екі жасар ұл мен жас шамасындағы қызды қақты.

"Апат салдарынан нәресте қыз бірнеше сағаттан кейін қалалық 4-ші ауруханада қайтыс болды", деп хабарлайды ІІД.

Тағы бір өлімге душар еткен жол апаты сенбі күні Өтеген батыр көшесінде болды. "Қарасай ауданының "БМВ-320" автокөлігін мінген 23 жастағы тұрғыны көлігінің тізгініне ие бола алмай бетон бағанаға барып соғылған. Жүргізуші апат салдарынан оқиға орнында жан тапсырып, 22 жастағы жолаушы 7-ші қалалық ауруханаға жеткізілді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны