12.07.2010, 14:32 3025

Алматыда жер асты паркингісінде үш ресейлікке оқ атылып, жараланды

"Сағат 16.50 шамасында Розбақиев көшесінің 247а мекен жайында орналасқан жер асты паркингісінде 20 25 жас аралағындағы белгісіз екі адам Ресей азаматтарымен жанжалдасып қалып, жанжал барысында оларға оқ атқан",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Алматы. 12-шілде. Kazakhstan Today Алматыда 9-шілде күні Розыбақиев көшесінде орналасқан жер асты паркингісінде үш ресейлікке оқ атылып, жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы полициясындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

"Сағат 16.50 шамасында Розбақиев көшесінің 247а мекен жайында орналасқан жер асты паркингісінде 20 25 жас аралағындағы белгісіз екі адам Ресей азаматтарымен жанжалдасып қалып, жанжал барысында оларға оқ атқан",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, оқ атқан азаматтар оқиға орнынан қара көк өңді "Тойота Калдина" көлігіне мініп бой тасалаған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы ресей азаматтарына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, орталық қалалық ауруханаға жеткізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны