05.02.2007, 09:57 2965

Алматыда жер қазу жұмыстарының барысында су құбыры жарылып, бірнеше үй сусыз қалды

АСТАНА. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда жер қазу жұмыстарының барысында су құбыры жарылып, бірнеше үй сусыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3-ақпанда Бостандық ауданында Тимирязев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы жол торабының туннеліндегі қазба жұмыстары кезінде шұңқырдың қабырғасы құлаған. Соның салдарынан 400 мм-лік су құбыры жарылды.

Апаттан Желтоқсан, Сейфуллин, Попов және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы үйлер сусыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны