29.05.2009, 17:47 3090

Алматыда жер үйдегі өрт салдарынан бір адам зардап шекті

Алматыда жер үйдегі өрт салдарынан бір адам зардап шекті

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін жер үйдегі өрт салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бәрібаев пен Ийтеке би көшелерінің қиылысындағы жеке мершік жер үй мен оған жапсарластыра салынған қора-жайларда шыққан өрт салдарынан 1941 жылы туған үй иесі зардап шекті. Оның басы мен қол-аяқтары күйген. Зардап шеккен адамға дәрігерлік көмек көрсетілді.

Өртті сөндіруге 22 адам мен бес өрт сөндіру техникасы қатысты. Өрт сөндірушілердің бағалауынша, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 14.56-да өрт шоғырландырылды. Өрттің қайта шығуына жол бермеу үшін аумақ тазартылып, оған су шашылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны