04.02.2010, 09:53 1051

Алматыда жер үйдегі өрттің салдарынан бір ер адам қаза тапты

Алматыда жер үйдегі өрттің салдарынан бір ер адам қаза тапты

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда жер үйдегі өрттің салдарынан бір ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Медеу ауданындағы Вайшев көшесінде барак үлгісіндегі үш қожайынды бір қабатты жер үйде 3 ақпанда сағат 09.25-те 3 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 5 адамының күшімен 10 сағат 04 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны