15.04.2010, 10:20 1603

Алматыда Жетісу АІІБ ғимаратында өрт шықты, 60 адам сыртқа шығарылды

Алматыда Жетісу АІІБ ғимаратында өрт шықты, 60 адам сыртқа шығарылды

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда кеше Жетісу АІІБ ғимаратында өрт шықты, 60 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше " Райымбек даңғылы 158 "а" үйде орналасқан Жетісу АІІБ ғимаратында сағат 07.58-де арнайы керек-жарақтар қойылған жертөле жайында 15 шаршы метр аумақта өрт шықты. 60 адам сыртқа шығарылды".

Өрттен ешкім құрбан болған жоқ және зардап шеккен жоқ.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 15 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 50 адамының күшімен 08 сағат 56 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны