22.01.2010, 15:02 5545

Алматыда жігіттің өліміне қатысты қылмыс ашылды

Алматыда жігіттің өліміне қатысты қылмыс ашылды

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда тәртіп сақшылары 20 қаңтарда жоғалып кеткен 25 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмысты ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жас кәсіпкер 20 қаңтарда хабар-ошарсыз кеткен. Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні ол 5-ші ықшамаудандағы бір үйде орналасқан "Мегабит" компьютерлік клубынан өзінің "Тойота Королла" автокөлігімен шығып, қайта келмеген. Туыстарының айтуынша, жігіт бұған дейін үйінен бұлайша кетіп көрмеген, сол себепті оның жақындары бірден күдіктеніп, полицияға хабар берген", - деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ол жоғалғаннан дәл бір тәуліктен кейін Алматы-Бішкек трассасының 52-ші шақырымында Алматы облысының Жамбыл ауданы Жаңатұрмыс кентінің шетінен жергілікті тұрғындар жас жігіттің мәйітін тауып алған. Тәртіп сақшылары жігіттің аты-жөнін анықтап, оның хабарсыз кеткен жігіт екенін білді. Криминалистер жігіттің денесін қарау барысында оның бас жарақатынан қаза тапқанын анықтады.

Полицияның хабарлауынша, сол күні өлтірілген жігіттің автокөлігін Жамбыл облыстық ІІД жол полициясының қызметкерлері Жамбыл облысының Байзақов ауданы Королевка ауылынан тапты. "Тойотаны" ОҚО-ның 20 жастағы тұрғыны айдап жүрген. Жігіт бұған дейін де алаяқтығы үшін жаза жүктеген. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын 17 жастағы жолаушыны да ұстады.

"Ұсталғандар 2010 жылдың 20 қаңтарында Алматыда "Мегабит" компьютерлік клубының жанында жігіттің автокөлігін иемденіп алу үшін оны өлтіргендерін жеткізген. Бұдан кейін олар мәйітті күре жолдың 52-ші шақырымына шығарып, кенттің маңына тастап кеткен. Көлікті алып, қылмыскерлер іздерін жасырған", - деп хабарлайды полициядағылар.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер Алматыға жеткізіліп, қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны