16.01.2009, 09:46 2058

Алматыда жылу қамтамасыздығы жүйесіндегі апат жойылды

Алматыда жылу қамтамасыздығы жүйесіндегі апат жойылды

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жылу қамтамасыздығы жүйесіндегі апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматының Алмалы ауданында Масанчи мен Ийтеке бикөшелерінің қиылысында 15 қаңтарда сағат 11.00-де диаметрі 500 миллиметрлік ыстық су құбыры жарылды. Соның салдарынан Наурызбай батыр, Шарипов, Гоголь, Қазыбек би көшелерінің квадратындағы 2 балабақша, 3 аурухана, 43 көп қабатты үй, 4 жер үй, мен 22 әкімшілік ғимарат ыстық сусыз қалды.

Сағат 17.00-де жылу қамтамасыздығы толық қалпына келтірілді. Төтенше оқиғаны жоюға "Алматы жылу желілері" АҚ апаттық тобы тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны