01.12.2011, 10:06 2899

Алматыда жылу жүйесінде болған апат салдарынан бірқатар нысандар жылусыз қалды

30 қараша күні түскі сағат екіде, Төле би мен Гайдар көшелерінің қиылысында 800 мм көлемде магистральді жылу трассасы жарылып, оның салдарынан 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылды.

Алматы. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда жылу жүйесінде болған апат салдарынан бірқатар нысандар жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агентттігінің хабарлауынша, Алматыда 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық сусыз отыр.

30 қараша күні түскі сағат екіде, Төле би мен Гайдар көшелерінің қиылысында 800 мм көлемде магистральді жылу трассасы жарылып, оның салдарынан 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылды.

Төтенше жағдайды жоюмен қазір "Жылу" ЖШС-ның 20 адамы айналысуда және 3 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны