15.06.2009, 11:09 1143

Алматыда жол айрығындағы монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшы тоққа соғылып қаза тапты

Алматыда жол айрығындағы монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшы тоққа соғылып қаза тапты

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жол айрығындағы монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшы тоққа соғылып қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 14 маусымда Алматының Иуезов ауданында болған. "ДСУ-13" АҚ аумағында Сайын көшесіндегі жолайрықтағы монтаждау жұмыстары кезінде краншы автокранның мұнарасымен электр жалғастыру желісін іліп кеткен, соның салдарынан "ДСУ-13" АҚ-ның екі жұмысшысы тоққа соғылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 34 жастағы жұмысшы оқыс оқиға орнында қаза тапса, 20 жастағы екінші жұмысшы күйіктермен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны