03.07.2006, 09:22 2584

Алматыда жол апатынан алты адам жараланды

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Алматыда жол апатынан алты адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, жол апаты 3-шілдеде Ил-Фараби және Водозаборная көшелерінің қиылысында болған. Түнгі 1 сағат 05 минутта «Тойота», «Тойота РАВ-4» және «Ниссан» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан үш автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны