15.02.2007, 11:52 3206

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жараланды

АЛМАТЫ. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Өткен тәуліктерде Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бір апат Түркісіб ауданында болды. 11 сағат 12 минутта Жансүгіров пен Котельников көшелерінің қиылысында "Субару" және "Мазда" автокөліктерінің соғысқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жол апаты салдарынан екі адам қалалық №4 клиникалық ауруханаға жатқызылды. "Субару" көлігінің 18 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, 22 сағат 44 минутта қалалық құтқару қызметіне хабарлағанындай, Жетісу ауданында Бөкейханов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 36 жастағы жігіт жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны