05.09.2006, 09:42 2904

Алматыда жол апатынан үш адам мерт болды

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда жол апатынан үш адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Алмалы ауданында Рысқұлов даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында 5-қыркүйекте 3 сағат 5 минутта болған. "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны