01.07.2013, 16:08 3154

Алматыда жол апатынан жүкті әйел зардап шекті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда, Тілендиев және Төле би көшелерінің қиылысында Nissan және Daewoo автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан жүкті әйел зардап шеккен.

Алматы. 1-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда жол апатынан жүкті әйел зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда, Тілендиев және Төле би көшелерінің қиылысында Nissan және Daewoo автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан жүкті әйел зардап шеккен.

Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі Төле би көшесінің бойымен шығысқа қарай бара жатып Тілендиев көшесінің қиылысында бұрыла бастады, сол мезетте оған Nissan автокөлігі соғылды.

Қатты соқтығыс салдарынан такси жолдың шетіне ұшып кетті, ал Nissan автокөлігі өртене бастады. Жүргізушілер мен куәгерлер өз күшімен өртті сөндірді.

ЖКО салдарынан такси жолаушысы - жүргізушінің жұбайы зардап шекті. Ол жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны