26.12.2007, 10:39 1631

Алматыда жол көлік апатынан екі адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Алматыда жол көлік апатынан екі адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Алматы. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Алматыда жол көлік апатынан екі адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік қалалық "Құтқару қызметіне" сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 26 желтоқсанда сағат 03.06 Алматының Бостандық ауданында "Мицубиси" көлігінің жүргізушісі жолдан шығып, дуалға соғылған. Жол көлік апатының салдарынан көлік жүргізушісі «медициналық жедел жәрдем қызметі» келгенінше мерт болды. Ол көліктің ішінде отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, Алматының Иуезов ауданында 25 желтоқсанда "ДЭУ" және "Мицубиси Паджеро" автокөліктері соқтығысқан.Апатының салдарынан "ДЭУ" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны