29.04.2013, 14:25 4905

Алматыда жол сақшысының формасын киген жалған полицей құрықталды

"Қолға түскен 24 жастағы азамат Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ол ұстау барысында өзін Отар станциясында орналасқан №30212 әскери бөлімшенің взвод командирі деп таныстырған.

Алматы. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда жол инспекторының киімін киген жалған полицей құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, лейтенант киімін киген "полицейдің" қолында ала таяғы, ысқырауығы мен жалған куәлігі де бар көрінеді.

"Қолға түскен 24 жастағы азамат Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ол ұстау барысында өзін Отар станциясында орналасқан №30212 әскери бөлімшенің взвод командирі деп таныстырған.

Тексере келе, оның 2011 жылы бұйрық пен жарғы талаптарын орындамағаны үшін сотқа тартылып, Қарулы күштер қатарынан қуылғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Өзінің айтуынша, ол полиция формасын Алматыға автокөлігін жеткізу мақсатында Шымкенттен сатып алған.

"Алматыдағы қонақ үйлердің біріне тоқтадым. Түнде форма киіп көшеге шығуына белгісіз ер адамды соққының астына алған бір топ жігіт түрткі болған көрінеді. Бірақ, бұл келген бойда жанжалдасқан топ тым-тырақай қашып кеткен. "Жалған полицей" көп ұзамай оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына әскери билетін көрсетіпті", - делінген хабарламада.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны