12.06.2013, 13:55 3158

Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытпақ болған

Жол-көлік оқиғасы кешке Алматы қаласының Түрксіб ауданында орын алды. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі Жансүгіров көшесі бойымен келе жатып №353 үйге қарсы жерде жолдың қарсы бетіне шығып кетеді де Котельников көшесінің солтүстігіне қарай рұқсат етілген жерден Жансүгіров көшесін кешіп өтпек олған жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Алматы. 12-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі 25 жасар Алматы тұрғынын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетпек болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кешке Алматы қаласының Түрксіб ауданында орын алды. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі Жансүгіров көшесі бойымен келе жатып №353 үйге қарсы жерде жолдың қарсы бетіне шығып кетеді де Котельников көшесінің солтүстігіне қарай рұқсат етілген жерден Жансүгіров көшесін кешіп өтпек олған жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

"Жаяу жүргінші ауыр жарақат алған. Өкінішке қарай, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол ашық бас сүйегі-ми жарақатынан қайтыс болған. Оның аты-жөні бірден анықталды. Ол Алматы қаласының 25 жасар тұрғыны", - деп мәлім етті Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы жанындағы іздестіру бөлімінің бастығы полиция полковнигі Рашид Ахметқазин.

Идеттегідей, жол талғамайтын көлік жүргізушісі зардап шеккен азаматқа тоқтап, алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына, жол-көлік оқиғасы орын алған жерден қашуға асыққан. Абырой болғанда, оқиға куәгерлері көлік нөмірін жаттап алып, заңбұзушыны ұстауға көмектесті. Алматы қаласының жол полициясы аталған көлікті бір-екі сағаттың ішінде тауып алды.

"Қара жол талғамайтын көлікті біреу тұрғын үй алабының ауласына тастап кеткен. Жарты сағаттан кейін полицейлер жүргізушінің аты-жөні мен оның қай жерде жүруі мүмкін екенін анықтады. Жүргізуші де қаза болған жаяу жүргіншідей 25 жаста көрінеді. Қазір аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды", - деп қосты подполковник Ахметқазин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны