07.07.2016, 14:50 6618

Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі адам жан сақтау бөліміне түсті

Алматыда Сүйінбай даӊғылында болған жол-көлік оқиғасына тап болған "Audi" және жүк көліктерініӊ жүргізушілері жан сақтау бөліміне түсті. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Салтанат Изірбек мәлім етті

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда Сүйінбай даӊғылында болған жол-көлік оқиғасына тап болған "Audi" және жүк көліктерініӊ жүргізушілері жан сақтау бөліміне түсті. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Салтанат Изірбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сүйінбай даӊғылында алдымен "Ауди" және жүк көлігі соқтығысқан. Мұнан соӊ олар сол маӊда тоқтап тұрған екі көлікті барып соққан. Екі көліктіӊ жүргізушілерін жедел жәрдем жан сақтау бөліміне алып кетті. Нақты қанша адамныӊ зардап шеккені әзірге белгісіз", - деді ол, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, қазір оқиға орнында апаттыӊ себебін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.

Естеріӊізге сала кетейік, куәгерлердіӊ айтуынша, жол апатынан 7 адам зардап шеккен, араларында жүкті әйел де бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны