23.03.2011, 12:37 3242

Алматыдағы "12 месяцев" сауда үйінде өрт шықты

Алматыда "12 месяцев" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 23 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда "12 месяцев" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Алматының Алатау ауданындағы Немирович-Данченко көшелерінің қиылысында орналасқан "12 месяцев" Сауда үйі" ЖШС ғимаратында өрт шыққан. Тілсіз жау 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Өрт 21-наурыз күні сағат 03.00 сауда үйінің ғимаратында басталған. Өрт сағат 10.14 ауыздықталып, 11.19 толық өшірілген",- деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны