22.01.2008, 10:56 1553

Алматыдағы "Алатау" тауар базарында аяқ киім сатылатын контейнерлердің бірін өрт шарпыды

Алматыдағы "Алатау" тауар базарында аяқ киім сатылатын контейнерлердің бірін өрт шарпыды

Алматы. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" Алматы қаласының Жетысу ауданында өрт болды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 21 қаңтарда сағат 22.29 "Алатау" тауар базарында аяқ киім сатылатын контейнерлердің бірін өрт шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, өрт көзі сағат 00.15 сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 бірлік арнайы техникасы мен 40 адам жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны