04.12.2015, 18:17 8571

Алматыдағы аурухананы 23 жасар қойшы бомбалағаны анықталды

Бүгін Алматыдағы 7-ші клиникалық ауруханадан 1700-ге тарта адам қауіпсіз жерге шығарылды. Таӊғы тоғыздар шамасында біреу емдеу мекемесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлапты.

Алматы. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыдағы 7-ші клиникалық ауруханадан 1700-ге тарта адам қауіпсіз жерге шығарылды. Таӊғы тоғыздар шамасында біреу емдеу мекемесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлапты. Дереу мыӊ бір жүз дәрігер мен 600-ге жуық науқас далаға шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ қатарында төсекке таӊылғандар мен арбаға жегілген мүгедектер де бар. Аса ауыр халде жатқан науқастар мен оларға қарайтын дәрігерлер оқшауланбаған. Ал екі сағат бойы нысанды тінтіп шыққан саперлар ешқандай да жарылғыш зат таппады. Есесіне тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған телефон лаӊкесі көп ұзамай ұсталды. Жалған ақпарат таратып, жұрттыӊ зәресін алған адам Алматы облысы Ұйғыр ауданыныӊ 23 жасар тұрғыны екен. Ол бұл қадамға қой бағып жүріп, зеріккеннен барғанын айтқан. Алматыдағы нысандардыӊ ішінде бұрын өзі жатып емделген осы Қалқаман ауруханасы есіне түсіпті. Еріккен жігіт бұл қылығы үшін енді алты жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Салтанат Изірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Айта кетейік, биыл бұл қылмыс үшін заӊнамада жаза мерзімі қатайтылды. Өйткені мұндай фактілер жиілеп кетті республика аумағы бойынша.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны