27.07.2007, 10:18 2728

Алматыдағы бір базарда сауда павильоны өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 27 шілде. Kazakhstan Today. Алматыдағы "Тастақ" базарында 27 шілдеде 4 сағат 36 минутта 400 шаршы метр аумақты алып жатқан 2 қабатты сауда павильоны өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеменің хабарлауынша, 4 сағат 42 минутта шоғырландырылып, 6 сағат 10 минутта ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру күштеріне қарасты 55 адам мен 16 техниканың көмегімен толық сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны