29.02.2008, 10:13 704

Алматыдағы бір дәмханада тамақтану салдарынан сальмонеллезбен ауырғандардың саны 35 адамға жетті - ТЖМ

Алматыдағы бір дәмханада тамақтану салдарынан сальмонеллезбен ауырғандардың саны 35 адамға жетті - ТЖМ

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы бір дәмханада тамақтану салдарынан сальмонеллезбен ауырғандардың саны 35 адамға жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматыдағы "Чикин-Хауз" дәмханасында тамақ жегендерден ақпанның 24 мен 27 аралығында сальмонеллезбен ауырғандардың саны 35 адамға жетті, соның ішінде 25 адам қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, 10 адам амбулаториялық жолмен ем қабылдауда.

"Барлық ауырғандар тауық етінен жасалған тағам мен жаңа көкөністен майонезбен тұздықталған салат жегені анықталды", - деп хабарлайды министрлік.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны