29.06.2006, 09:49 2453

Алматыдағы бір кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Алматы қаласының Алмалы ауданында “Сүлеймен и К” ЖШС-нің қоймасында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, жүк көтеру жұмыстарының барысында 30 жастағы жұмысшыны қабырғаның қаптама материалы басып қалған. Жұмысшы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны