12.12.2006, 12:25 2457

Алматыдағы бір мектепте он оқушы белгісіз газдан уланды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыдағы бір мектепте он оқушы белгісіз газдан уланды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Медеу ауданындағы №33 орта мектепте болған. 11-желтоқсанда 11 сағат 30 минутта мектеп ғимаратында тұншықтырғыш әсері бар белгісіз газ шашылған.

Оқыс оқиға салдарынан 10-12 жас аралығындағы он оқушы жеңіл уланды. Алғашқы жедел жәрдемнен кейін балалар үйлеріне жіберілді. 10 жастағы бір бала орташа жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны