05.12.2008, 10:07 1873

Алматыдағы БҰҰ өкілдігі ғимаратының аумағынан ішінде белгісіз заттары бар сөмке табылды

Алматыдағы БҰҰ өкілдігі ғимаратының аумағынан ішінде белгісіз заттары бар сөмке табылды

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы БҰҰ өкілдігі ғимаратының аумағынан ішінде белгісіз заттары бар сөмке табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 4 желтоқсанда сағат 16.05-те Алматы қалалық құтқару қызметінің пультіне Алмалы ауданында Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің аумағынан ішінде белгісіз заттары бар сөмке табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Тексеру барысында сөмкенің ішіндегі заттардың қауіп тудырмайтындығы анықталды. "Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ", -деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны