15.09.2011, 10:12 3103

Алматыдағы Car City сауда үйінде болған өрт сөндірілді

Алматы қаласының Иуезов ауданында орналасқан 4 қабатты "CAR-CITI" сауда үйінен кеше таңертең шыққан өрт кешкісін толығымен сөндірілген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыдағы Car City сауда үйінде болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агентігінің хабарлауынша, Алматы қаласының Иуезов ауданында орналасқан 4 қабатты "CAR-CITI" сауда үйінен кеше таңертең шыққан өрт кешкісін толығымен сөндірілген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Ведомствоның атап өтуінше, автодөңгелектер, мотор майлары, автобөлшектер тұрған сауда үйінің жертөлесі сәрсенбі күні таңертеңгі сағат 04:46-да отқа оранған. Тілсіз жау кеше кешкі сағат 21:01-де толығымен сөндірілген. Қызыл жалын шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 44 маманы мен 17 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны